Ағылшын тілін үйрену үшін неден бастау керек? Халықаралық тілдердің саны алтау болғанымен, ішінде ең танымалы - ағылшын тілі. Оны барлығы да меңгеруге тырысуда. Біреулері өз бетінше меңгерсе, екіншілері арнайы дайындық курстарына барады. Алайда курсқа бармас бұрын ақша мен уақытты үнемдеп, қарапайым ережелерін өзіміз үйреніп алуымызға болады. Сол себепті ағылшын тілін бірге меңгеруді ұсынамыз. Негізі: 1. Ең оңайынан бастаңыз. Көп адамдар "Hello", "hi", "How are you?" сынды қарапайым сөздердің мағынасын түсінеді. Мұнда "to be" етістігі қолданылған. Яғни сіз қазірдің өзінде ағылшын тілін білесіз. Осы секілді тағы қандай сұрақтар білетініңізді анықтаңыз. How is she? How is your father? How are your children? How is the weather? Ағылшын тілінің ең танымал деген 10 етістігін жаттап алыңыз. Олар: "be", "have", "do", "say", "get", "make", "go", "know", "take" және «see». Бұл етістіктердің көмегімен күнделікті тұрмыста қолданатын диалогтарды құруға болады. Ағылшын сөйлемдеріндегі сөз тәртібі – «бастауыш – баяндауыш – толықтауыш». Бастауыш "I", "you", "he"/"she"/"it", "we", "you", "they" сынды өздік есімдіктері болуы мүмкін. Ал "me", "you", "him"/"her"/"it", "us", "you", "them" секілді сілтеу есімдіктері сөйлемнің соңында орналасады. Етістіктерді қалай орналастырамыз? I know her. She makes it. He takes us. 2. Ағылшын тілінде сөйлеуді үйреніңіз. Негізгі есімдіктер мен етістіктерді үйреніп алған соң сұрақтар қоя аласыз. Сұрақтар әдетте "who", "what", "when", "where", "why" және "how" деп басталады. "Who" адамға; "what" затқа қаратылып; "when" уақытқа; "where" жерге; "why" себепке; "how" қимылға қаратылып айтылады. - Сіз сұрақтардың қалай басталатындығын, бірнеше етістікті, кей сөзді жаттап алдыңыз делік. Енді қандай сұрақтар қоя аласыз? What is your name? What do you do? When is your birthday? Where is she? Why do you have it? How do you know? Грамматиканы үйрену: Осы шақтан бастаңыз. Осы шақ және созылмалы осы шақ болып бөлінеді. Осы шақ фактілер мен әдеттерге нұсқайды. Оның көмегімен үнемі қайталанатын әдеттерді және өзгертуге келмейтін фактілерді айтамыз. I go to work every day. She eats breakfast at 7. China is a big country. Ал созылмалы осы шақтың көмегімен дәл қазір болып жатқан оқиғаны баяндауға болады. Ол көмекші және негізгі етістіктің көмегімен жасалады. Көмекші етістіктер - "am"/"is"/"are", ал негізгі етістікке –ing жалғану арқылы жасалады. You are reading. I am typing. He is watching TV. Өткен шақ пен келер шақ. Осы шақты меңгерген соң, өзге шақты үйренуге кірісіңіз. Олардың негізгілері: - Өткен шақты бұрын болған іс-әркетті баяндау үшін қолданады. I saw that movie last year. She died on a plane. We went to the bank yesterday. Ал келер шақта тұрған сөйлем жасау үшін болашақта болатын іс-әрекет пен созылмалы осы шақта тұрған етістікті пайдаланыңыз. They are making a cake tomorrow. You are leaving in May. I am going at 6 pm. Сын есімдер әрдайым зат есімнің алдында қолданылады. Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сын есімді пайдаланудың реті бар. Бірінші суреттеуден басталып, көлем, жас, пішін, түс, шығу тегі, материал, не үшін қолданатындығымен аяқталады. Мысалы, "huge, round, metal bowl" немесе a "small, red sleeping bag". Үйренгендеріңізді бекітіп отыру: Барлығын бірін де қалдырмай белгілеп отырыңыз. Заттардың атын стикерге жазып, оларды үйіңіздегі жиһаздарға іліп қойыңыз. Сіздің ендігі мақсатыңыз – ағылшынша ойлап үйрену. Миыңыз барлық жерде жазылған ағылшын сөздерін көрген соң оны қабылдамасқа амалы қалмайды. Стикердегі сөздерді қайталау арқылы сол сөздерге қатысты сөйлемдер құраңыз. Мысалы, "Where is my blanket?" – Менің көрпемді таптыңдар ма? Яғни, көрпеге қатысты құралған сөйлем. (Жиһаздардың үстіне емес, стикерлерге жазыңыз). Сөздерді дұрыс айтуға мән беріңіз. Сөздердің жазылуы мен айтылуын қатар есте сақтағаныңыз жөн. Кейбір сөзге қатысты нақты ереже болса, кейбіреуінде мүлдем болмауы қиындық тудырады. Сіз орындауға тиісті ережелер: - Жалғауларды әрдайым нақты айтыңыз. "Streets" сөзі stree деп оқылмайды. Сөз соңындағы "ts" жалғауының маңызы зор. Оны айтпаған жағдайда сөздің мағынасы өзгеріп кетуі ықтимал. "I project the project will end soon" сөйлеміне назар аударсаңыз, кішкене түсініксіздеу көрінеді. Бірінші "project" сөзі етістік, pro-JECT деп оқылады. Ал екінші сөз зат есім, PRO-ject деп оқылады. Бұл ереже осы секілді жағдайдың барлығына тиесілі. Екпін зат есімдердің бірінші буынына, етістіктердің екінші буынына түседі. - Көп жағдайда екпін зат есімдердің бірінші буынына түседі. (Түспейтін жағдайлар да кездеседі): "BED-room," "BATH-room", "KITCH-en", "TA-ble", "WIN-dow", "SO-fa", "WA-ter", "JACK-et", "TOI-let" және т.б. Диалект таңдаңыз. Америка, Ұлыбритания және Аустралия елдерінде қолданылатын диалектілердің арасында едәуір ерекшеліктер бар. Сөздерді жаттамас бұрын, қай елдің диалектісінде сөйлегіңіз келетіндігін анықтап алыңыз. - Айтылған сөзді түрлі қабылдайтындықтан, кіммен сөйлесіп тұрғаныңызды білудің маңызы зор. - Сөздермен қатар, айтылуларында да ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктерді біліп алғаныңыз жөн. - Сөздіктер де диалектілерге икемделіп жасалған. Ресурстарды пайдаланыңыз: 1. Жақсы сөздік сатып алыңыз. Бір емес, бірнешеуін. - Жаттаған сөздеріңізді бөлек кітапшаға жазып, қайда жүрсеңіз де есіңізге салып отырыңыз. 2. Сол тілді жақсы меңгерген адамдармен сөйлесіңіз. Әрине, тілді үйреніп жүрген достарыңыздың көмегіне жүгіне аласыз, алайда тіл тасымалдаушылармен сөйлесудің рөлі әлдеқайда жоғары. - Жеке репетитор жалдаңыз. Тілді білу мен оны өзгеге үйретудің жөні басқа болғандықтан, тәжірибесі мол маманды жалдауға тырысыңыз. 3. Интернетті пайдаланыңыз. Тілді үйренуге көмектесетін түрлі сайт таба аласыз. Олардың арасында ойындар мен түрлі видео бар. 4. Грамматиканы жаттап қана қоймай, ағылшынша бағдарламалар, фильмдер көріп, кітаптар оқыңыз және өлеңдер тыңдаңыз. - Балаларға арналған кітаптарды оқудан бастауыңызға болады. Аудармасы жазылмаған бағдарламалар қараңыз. 5. Ағылшынша ойлаңыз. Қазақ тілінде бір нәрсе ойласаңыз, оның ағылшынша қалай болатынын анықтап көріңіз. Есте сақтап, жылдам жаттап алуды әдетке айналдырыңыз. - Мұны отбасыңыздың өзге мүшелеріне де айтып көріңіз. Бірге үйрену әлдеқайда жеңіл. Кеңестер: - Күн сайын жаттығуға тырысыңыз. - Сөздікті үнемі қолдана бермеңіз. Сөздердің мағынасын мәтінге қарап анықтап көріңіз. - Тіл үйрену тәжірибе мен жігерді талап етеді. Кемелділікке жету үшін көп уақыт қажет екендігін ескеріңіз

Теги:

Теги других блогов: